«Жаһандану жағдайындағы тіл үйрету үрдісіндегі оңтайлы тәсілдер» атты облыстық онлайн-семинар өтті

2018 жылдың 2 қарашасында “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” КММ –нің ұйымдастыруымен  «Жаһандану жағдайындағы тіл үйрету үрдісіндегі оңтайлы тәсілдер» атты облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Іс-шара облыс аудандарының тілдерді оқыту орталықтарында жұмыс жасайтын мамандарға арналды.

Семинарды Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметов өз кіріспе сөзімен ашып берді. Семинарды  «Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” КММ –нің басшысы Ж.Қ. Ербатырова жүргізді.

“Рудный қаласы әкімдігінің № 7 мектеп гимназиясы” КММ директоры, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  Қ. И.  Бірманова «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі»  тақырыбында баяндама жасап, тіл сабақтарында қолданылатын тиімді тәсілдерге, яғни өз тәжірибесінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдері жайлы айтты. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының  қазақ тілі оқытушысы   Г.Т. Крикпенова «Тілдік дағдыларды жетілдірудегі мәтінмен жұмыс жасау тәсілдері» тақырыбында сөйлеп, тыңдаушылармен жеке, топтық, жұптық жұмыс жасаумен тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын жетілдіруге байланысты әдіс-тәсілдерді ұсынды.

Осы орталықтың ағылшын тілі оқытушысы А.Ө. Кубеева “Sport” тақырыбында ашық сабақтың жоспарына қатысты мәліметтерді ұсынумен, әр тәсілді практикалық тұрғыда көрсете отырып, тыңдаушылармен жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Ал аталған мекеменің оқытушысы Р.М.Нұржанованың «Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің ерекшеліктері»  тақырыбындағы ұсынған баяндамасы  емле ережесінің өзгешеліктеріне арналды. Ол әсіресе, кейбір Кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі мәселесін қозғады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, баяндамашыларға көкейдегі сауалдарын қойды.