«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында облыстық семинар

2018 жылғы 26 қазанда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы аудан, қала әкімі аппаратында құжаттама бөлімінде жұмыс жасайтын мамандарға арналған  «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинарды тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметов өз кіріспе сөзімен ашып берді. Бөлім басшысы Б.Зейнекин өз баяндамасында қазіргі кездегі құжат айналымында ерекше назар аударатын жағдайларға тоқталды. Облыс әкімі аппаратының құжаттамамен  қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Т.Қанапин құжат айналымымен жұмыс жасауда аударма ісінде кететін олқылықтарға мысал келтіріп, екі тілде ресімдеу барысында дұрыс нұсқасының нақты берілу жағдайын атап өтті.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.Талапова құжат айналымының жүйесі жайлы баяндады. Сонымен қатар, орталық оқытушысы Р.Нұржанова латын қарпіне негізделген қазақ тілінің емлесінің негізгі ережелерінің жобасына жалпы шолу жасады. Қатысушыларға Ереже жобасында ұсынылған латын қарпімен берілетін емле ерекшелігін, жазылуда назар аударатын жағдайға баса көңіл аударып түсіндіру жұмысын жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, баяндамашыларға көкейдегі сауалдарын қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *