Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» атты салтанатты іс шара

2018 жылдың 27 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты іс шарасы өтті.

«Тілдарын» орталығы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе отырып, «Тілі бірдің – тілегі бір» атты түрлі ұлт өкілдерінің тілін, салт-дәстүрін дәріптеуге арналған көрме ұйымдастырды.

Көрмені орталық басшысы Ж.Ербатырова қонақтарға таныстырып, орталық базасында қазіргі таңда  7 этностың (татар, кәріс, украин, неміс, поляк, армян, түрік тілдері) ана тілдерін оқыту бойынша курстары жүргізіліп отырғандығы туралы баяндады.

Қостанай облысы әкімінің алғысхатымен тілдерді насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар тұлғалар мен мекемелер марапатталды. Соның ішінде, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының украин тілі оқытушысы С.Ивженко «Ана тілім – ардағым» номинациясы бойынша марапатталып, ақшалай сертификатқа ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *