«Қазтест жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинары

2018 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «ҚАЗТЕСТ жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинарын өтті.

Семинар жұмысына тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері және қазақ тілі пәнінің оқытушылары, барлығы 60 адам қатысты. Семинарды ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы М.Мұқаметқали және жетекші сарапшысы Ж.Әділбекова өткізді.

Семинарда ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы және құрылу тарихы туралы, рөлі мен маңыздылығы, тапсырмалардың мазмұны, тілдік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалардың бағыт дәрежесі, ересек азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейі туралы толық ақпарат берілді. Іс шараның соңында семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *