«Тіл – рухани қазына» атты дөңгелек үстел

2018 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  қызметкерлері  және курс тыңдаушыларының қатысуымен «Тіл – рухани қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары С.Бекбусинова, А.Нұрмағамбетова  қатысты.

Оқытушы Ақтоты Нұрмағамбетова қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы баяндама жасады. Баяндама барысында қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшірілетіні туралы жеткізді.

Баяндамадан кейін латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен таныстыру жөнінде практикалық  тапсырмалар орындалды.

Қатысушылар белсенді қатыса отырып, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасу болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *