Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен таныстыру

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте «Тілдарын»  облыстық тілдерді оқыту орталығында «Біз латынды таңдаймыз» атты әлеуметтік жоба аясында мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.  Екі күндік дәрісті орталық оқытушысы М.Кульбаева жүргізді.

Аталмыш жоба аясында қазақ жазуы тарихымен таныстыру дәрістері, сонымен қатар латын графикасына негізделген «Мен білемін, менің қолымнан келеді» атты эссе жазу және мәнерлеп оқу  шығармашылық байқауы өтті.