Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2018 жылғы 7 маусымда Қостанай  облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үшін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Нұрмағамбетова «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізілгенін таныстыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар саласына қатысты сөздік терминдерді пайдаланып,  практикалық тапсырмалар орындалды. Қызметкерлер қазақ тілінің латын графикасына көшудің  маңыздылығы  туралы  өз ойларын  ортаға  сала отырып, алдағы уақытта қазақ тілінің жаңа стандарты бойынша оқуға тілек білдірді.

Практикалық жұмыс барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, сөздердің  жазылуы мен айтылуындағы өзгерістер  талқыланды.