2018 жылдың 04 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ашық сабақ өтті

2018 жылдың 04 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай орталықтың оқытушысы Ә.Түгелбаева «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты тыңдаушыларды аса маңызды мемлекеттік нышандар – рәміздермен жан – жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау болды. Сабақ жарыс  түрінде өткендіктен, тыңдаушылар сабаққа белсене қатысты. Жалпы сабақ достық атмосферада өтті.

Сабақтың қорытындысы ретінде оқытушы «ҚР  Мемлекеттік рәміздері» атты деректі фильмді ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *