«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Дүкенде» тақырыбында ашық сабақ өтті

2018 жылдың 15 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Дүкенде» атты ашық сабақ өтті. Сабақ индустриалды-педагогикалық оқытушыларға өткізілді.

Білім беруде отыз  жылдай  тәжірибесі  бар  маман Г.Журсиналинаның  ашық  сабағының тақырыбы:«Дүкенде» деп  аталды. Тіл үйренушілердің  «қарапайым»  тобының ізденісін арттыруға, іскерлік  пен  коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасты.

Оқытушы  «ТРИЗ» «СТОД»  технологияларын қолдануының нәтижесінде тыңдаушылардың өзіне  деген  сенімінің  артып  сөйлеу  мүмкіндігіне  қолайлы  жағдай  жасалып, қызықты  әрі  сәтті сұхбаттасуды қолдана  отырып, ойын  технологиясы арқылы  жүргізді. Сабақта «тыңдалым»,  «жазылым», «оқылым» , «сөйлесім» төрт кезеңі де қолдынылды.

Үш топқа бөлінген тыңдаушылар қаламыздағы «Астықжан», «Тамаша», «Рахат» дүкендерінің  атын алып , заттар  мен  тауарларды, көкініс  пен азық түлік  аттарын айтып сауда жасаудағы тілдік қолданыстарды пайдаланып  сөйлей  алды. Интеракивтік   оқыту  құралдарын  пайдалана  отырып, бекіту, аударма  жасату, тілдік болымды, болымсыз  мағыналық  ерекшеліктерін қатар  қамту  мақсаты  көзделіп, оқытушы  өз  көздеген  мақсатына  жете  алды.