«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында кәріс тілінің тыңдаушыларымен ашық сабақ өтті

2018 жылдың 10 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында кәріс тілінің оқытушысы Р.А.Ким ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ оқытушы мен тыңдаушылардың арасындағы сұхбатпен басталды. Сабақ барысында тыңдаушылар өз ойларын жазбаша және ауызша түрінде еркін жеткізе білді.

Сонымен қатар тыңдаушылар тұрмыстық және шынайы жағдайларды пайдалана отырып, күрделі сөйлемдер құрады.Сабақта тыңдаушылар өздерін белсенді көрсете білді. Сабақ соңында оқытушы мен тыңдаушылар «Ариран» кәріс халық әнін мейірімділікпен және шын ниетпен бірге шырқады.

Тыңдаушылардың ұлт, жас, мамандықтарының әр түрлігіне қарамастан кәріс тілінде сөйлеуге деген ұмтылыс қызығушылықтары ерекше куантады.