Қостанай қаласының №9 бөбекжай-бақшасы ұжымымен кездесу өтті

2018 жылдың 27 ақпан күні «Тілдарын»  облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Крикпенова Г.Т №9 бөбекжай-бақшасының ұжымына Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру жұмысын өткізді.

Жолдаудың жетінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетіне жеке тоқталды. Тармақтағы қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екенін, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің кестесі жасалатыны туралы толық ақпарат берілді.

Кездесу барысында латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңмен жүргізілетіні туралы айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *