Халықаралық ана тілдері күніне арналған «Астана – бас қала/Astana is the capital of Kazakhstan» атты ашық сабақ

2018 жылдың 21 ақпанында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында қазақ және ағылшын тілдері бойынша интегралды сабақ өтті.Интегралды сабақтың тақырыбы  «Астана – бас қала/Astana is the capital of Kazakhstan».Тыңдаушылар екі тілде берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындап, сабақта алған білімдерін көрсете білді.

Астанаға қатысты қызықты ақпараттар туралы викторина, сондай-ақ Қазақстан астанасына арналған ағылшын тіліндегі деректі фильмді талқылауда белсенділік танытты. Сабақты орталықтың оқытушылары М.Кульбаева және М.Федорова жүргізді. Іс-шараға «Солтүстік» Аймақтық басқармасы,ІІД,2031-әскери бөлімі, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері курс тыңдаушылары қатысты.

 

Мелекеттік қызметшілер екі немесе одан да көп тілде еркін сөйлейтін, өз ұлттық мәдениетін білетін, мәдениетаралық сұхбаттасуға қатыса алатын, сұхбаттасушының мәдениетін тану мен құрметтеуді түсінетін тұлға ретінде сипатталады.