«Адами капитал – жаңғыру тетігі» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 08 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы ҚР Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі тапсырмаларды түсіндіру мақсатында 2018 жылдың 10 қаңтар 31 наурыз аралығында өтетін іс-шараларының жоспарына сәйкес, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Адами капитал-рухани жаңғыру тетігі» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш дөңгелек үстелге Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін  мұғалімдер қатысты.

Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің  басшысы  Б.Ж.Зейнекин «Қазақ тілінің жаңғыруы» және  «Тілдарын» орталығының басшысы Г.М.Талапова «Елбасы жолдауы – дамудың жаңа бағыты» баяндамаларын оқыды. Келесі сөз кезегін «Тілдарын» орталығының әдіскері А.М.Доспанова «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін игі қадам» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Басты бөлігі аяқталғаннан кейін, мұғалімдер өзара пікір алмасуға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.