“Этникалық топ өкілдеріне ана тілдерін оқыту курстарының тиімділігі” дөңгелек үстел

2018 жылдың 25 қаңтар күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасы бойынша, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Қоғамдық келісім» үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Этникалық топ өкілдеріне ана тілдерін оқыту курстарының тиімділігі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚХА облыстық Ассамблеясының өкілдері, 14 этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды. Бағдарламаға сәйкес алғы сөзді Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметов алды.  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Г.Талапова – 2017 жылы этникалық топтарда ана тілдерін оқыту курсының жұмысы туралы мәлімет берді. Кейін сөз кезегін татар тілінің оқытушысы Р.Бектимиров «Татар тілін оқытудың тиімділігі» атты баяндамасын оқыды.

Жалпы дөңгелек үстелге «Ахыска» түрік, «Дуслык» татар-башкұрт, «Эребуни» армян, еврей, орыс, украин этномәдени бірлестіктерінің  өкілдері белсенді қатысты. Дөңгелек үстел соңында өзара пікір алмасу болып,  ұсыныстарын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *