«Кемеңгер тұлға» атты ашық сабақ

2017 жылғы 30  қараша күні 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті  күніне орай  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту  орталығында» «Кемеңгер тұлға» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақты орталық оқытушысы Нұрбекова Айнұр Жомартқызы жүргізді.     

Сабақтың мақсаты: тыңдаушылардың туған жеріне, өз еліне, халқына, мемлекеттік тілге  деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, Елбасының мемлекеттік тілге қатысты айтқан дәйексөздерінің мәнін түсіндіру, алған  білімдерін тиянақтау, жүйелеу.

Сабаққа Қостанай облыстық сотының 2 деңгейде оқып жүрген  тыңдаушылары қатысты.

Сабақ барысында тыңдаушылар тіл туралы нақыл сөздерді оқып,  Президенттің мемлекеттік тіл туралы баяндамасымен танысып, өз пікірлерін ортаға салды. Оқытушы сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданды: пікір-сайыс, жұмбақ түрінде берілген мақал-мәтелдерді шешу, тест тапсырмалары мен  жеке берілген жаттығуларды орындау,  аударма жұмыстарына да көңіл бөлініп отырды. Сабақ  «Елбасы – елдің тұтқасы» әнімен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *