Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру мәселесін талқылау бойынша Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қостанай қаласының №2 емханасының ұжымымен кездесу

2017 жылдың 14 қарашасында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қостанай қаласының №2 емханасының ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараға аталған емхананың қызметкерлері қатысты.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Т. Крикпенова 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығымен таныстырып, апостроф үлгісіндегі жасалған жаңа қазақ әліпбиі туралы айтты.

Латын әліпбиі туралы түсінік беріліп, медицина саласына байланысты сөздерді оқыту, жаттығу жұмыстары жүргізілді. Емхана қызметкерлері түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып, өз ойларын айтты. Кездесу соңында бейне ролик көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *