Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру мәселесін талқылау бойынша Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №8 және №115 орта мектептердің ұжымымен кездесу

2017 жылғы 6 қараша күні Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №8 және №115 орта мектептерінің ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараға аталған мектептердің мұғалімдері қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген «Тілдарын» облыстық орталығы басшысының м.а. Г.Талапова мұғалімдерді 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығымен таныстырып, апостроф үлгісіндегі жасалған жаңа қазақ әліпбиі туралы айтты.

Сонымен қатар, орталық әдіскері Ж.Жарасбаева жоғарыда аталған тақырып бойынша мұғалімдерге қысқаша әліпби туралы өз ойымен бөлісті.

Мұғалімдер іс-шараға белсенді атсалысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарасын білдірді. Кездесудің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.